Спорт шеберіне кандидат Анастасия Беседина 16 келі гирді жұлқа көтеру жаттығуында 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында абсолютті Азия чемпионы атанды! Ол сонымен қатар Қазақстан Республикасының әйелдер арасындағы рекордын орнатты!

ҚР-ның ең жас рекордсмені Григорий Устинов кәсіпқой жастар арасында 32 келі гирді жұлқа көтеру жаттығуында 151 рет көтеріп, күміс медаль жеңіп алды!

Спорт шеберіне кандидат Максим Курочкин 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 16 келі гирді жұлқа көтеру жаттығуында 247 рет көтеріп, Азия чемпионы атанды!

Азияның ең жас екі чемпионы Новоникольск қаласында тұрады!